Телеграм-ботта ХҚО-ға кезек брондау мүмкіндігі пайда болды Қазақстандықтарға қолайлы болу үшін
Советы специалиста   22.05.2020   488
ХҚО-ға кезекті брондау әдістерінің түрі көбейтілді. Енді қызмет алушылар ХҚО-ға кезекті тек egov.kz порталында немесе 1414 байланыс орталығы арқылы ғана емес, сондай-ақ eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен де брондай алады. Ол үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек және оның ұялы телефонына телеграм қосымшасы жүктелген болса болғаны. Мобильді азаматтар базасына egov.kz электронды үкімет порталындағы виртуалды ассистенттің көмегімен тіркелуге болады.